Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторында жүргізілген операция нәтижесінде ХАМАС тобының жоғары лауазымды жетекшілерінің бірі Хакам әл-Иссаның көзі жойылғанын мәлімдеді. АҚШ пен Еуропа одағы ХАМАС-ты террористік ұйым ретінде таныған.
ЦАХАЛ мәліметінше, әл-Исса – ХАМАС тобының негізін қалағандардың бірі болып саналады. Ол осы радикал топтың әскери қанатының штаб бастығы қызметін атқарған және 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған жихадшылар шабуылын жоспарлауға қатысқан.
Әл-Исса Израильдің бейбіт тұрғындары мен әскери қызметкерлеріне қарсы Газа секторында жасалған шабуылдарды да басқарған дейді Израиль қорғаныс армиясы өкілдері. ЦАХАЛ "7 қазандағы терактіге қатысы бар адамдардың көзін жоюды көздейтін кесімді әрекеттерді жалғастыратынын" мәлімдеді.
Your browser doesn’t support HTML5
Газадағы ахуал қандай?
2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС тобы мен жақтастары Израильге шабуыл жасап, салдарынан мыңнан астам адам қаза тапты. 250-ден астам адамды ХАМАС тұтқын ретінде Газа секторына күштеп алып кетті. Кейінгі деректер бойынша, Газа секторында жихадшылардың қолында әлі 50-шақты адам қалып отыр, олардың шамамен 20-сы тірі деген болжам бар.
2023 жылғы қазан айынан бастап Израиль қорғаныс армиясы Газа секторында құрлық операциясын жүргізіп келеді. Оның мақсаты – тұтқындағы адамдарды босату және ХАМАС тобын жою деп жарияланған.
ХАМАС-қа бағынышты Газа денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, қақтығыс басталғалы бері 56 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. Қарулы жанжал кезінде бұл ақпаратты тәуелсіз дерек көздерінен анықтап, растау мүмкін болмай отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп пен Нетаньяху Газа секторындағы соғысты тезірек аяқтауға уағдаластыИзраильдің және Батыстың басылымдарының хабарлауынша, АҚШ Израильге соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға және ХАМАС-пен тұтқындарды босату мен атысты тоқтату жөнінде келісімге келуге көндіру мақсатында қысым жасап отыр.
Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерде араағайын рөлін Египет пен Қатар атқарып отыр.
Ливанның Al Akhbar газеті египеттік дипломатиялық дереккөздерге сүйеніп, алдағы күндері АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Египетке барады деп хабарлады. Оның сапары Израильді келіссөздерге қатысуға итермелеуі мүмкін деген болжам айтылып отыр, Израиль әзірге Каирге делегация жібермеген.
Басылым дереккөздері Израильдің атысты тоқтату жайлы ұсынысқа самарқау қарауының себебі екі нәрсеге – Биньямин Нетаньяху үкіметіндегі ішкі келіспеушіліктерге немесе ХАМАС-қа қысымды күшейту үшін уақыт ұтқысы келетіндігіне байланысты деп түсіндірген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Израиль Газа секторында ірі шабуыл бастады